Жм, 29.03.2024, 18:47
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2018 » Қазан » 23

Жолдауға қолдау

22 қазан күні Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» - атты халқына арналған жолдауы жөнінде «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ұстаздар қауымы қатысуымен жиналыс өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Ж.Құлманов Елбасымыздың жолдауына жалпы шолу жасап, ұстаздарды толық таныстыра кетті. Мемлекет басшы­сының Жол­дауы қоғамға үлкен міндеттер жүктеп отыр.

 

Тарих пәнінің мұғалімі Ж.Құлманов жолдаудағы білім саласына қатысты мәселелерге тоқталды. Бағдар­ламалық құ­жатта ел экономикасын дамыту, за­манға сай өркендеу сынды тың мә­селелер қозғалды. Халықтың әлеу­меттік жағдайын жақсартуға ба­ғыт­талған Жолдау әр саланы қам­тып, жүйелі жұмыс істеуге негізделген. Мемлекет басшысы бұл Жол­дауында еліміздің білім саласы үшін түбегейлі бетбұрыс кезеңі­нің басталғанын нақты айтты. Мұ­ға­лімдердің кәсіби мерекесі қар­са­ңында ұстаз мәртебесін айқын­дау туралы Елбасының тапсырмасы атаулы сыйлық болды деп есептеймін. «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін бар­лық игілікті қарастырып, жүк­темені азайтуға, жөнсіз тек­серіс­тер мен міндеттен тыс функция­лар­дан арашалауға тиіс» деді Пре­зи­дент өз Жолдауында. Ұс­таз­­дардың мә­р­те­бесін айқын­дай­т­ын заң мұғалім­дерді және мек­тепке дейінгі меке­ме­лердің қыз­­мет­керлерін ынталан­дыру­дың бар­лық тетіктерін қарас­ты­ра­ды. Ұстаздардың жүкте­месі қыс­қартылып, түрлі тек­серіс­терден арылатын болады. Сонымен қатар Елбасы Назар­баев зияткерлік мектеп­тері­нің білім беру әдістеме­сі мем­ле­кет­тік мектептер үшін бір­ың­­ғай стандартқа айналуы тиіс екендігін айтты. Бюджеттік сала өкілдері жалақысының 35%-ке өсетіні, білім саласындағы рефор­малардың сапасына мән бері­летіні ұстаздар қауымын қуант­ты. Тиісінше мұғалімдер құл­шынып жұмыс істейтін болады. Біздің елімізде білімге болашаққа құйылған инвестиция ретінде қарап, мектеп оқушыларына жан-жақты әрі заманына сай лайықты білім беру үшін барлық жағдай жасалған. Кейінгі жылдары баланы практикалық біліммен ғана сусындатпай, әлеуметтендіруге де үлкен мән берілуде. Сондай-ақ үштілді білім беру, роботтехника сыныптарының ашылуы – осының айғағы... Алайда, баланың ана тілі, дүние есігін ашқаннан бесік жырын естіп өскен қазақ тілі ең басты орында екенін ұмытпауымыз керек. Жиналыс арасында география пәні мұғалімі К.С.Жунусова өз пікірін білдіріп, жолдауды қолдайтынын айтты.

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 352 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.10.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

18 қазан күні мектебіміздегі шағын орталықта А.Жалғасбаеваның ұйымдастыруымен айқауы өтті. Байқауда шағын орталықтың бүлдіршіндері күз туралы өлеңдер айтып, енді бірі тамаша билеп берді. «Күз сыйы» көрмесіне бүлдіршіндердің ата-аналары жеміс-жидектерден түрлі бейнелер жасап қойды. Байқауға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Е.Икишева, А.К.Кызданова төрешілік етті. Байқау өте қызықты өтті.

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 357 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.10.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 лицей - мектебінде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы мектеп кітапханашыларын құрметтеу салтанаты болып өтті. Салтанатқа қатысушыларды қалалық білім бөлімінің басшысы Берік Базылұлы Ақышбеков құттықтады. Өткен жылы қаламызда кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай кітапханашыларды арнайы құттықтау, құрметтеу салтанаты алғаш рет ұйымдастырылған болатын. Кітапханашы еңбегі - көзге көрінбейтін,өкінішке қарай, елене де бермейтін еңбек. Сондықтан, осы олқылықтың орнын толтыру - біздің мақсатымыз - деген ол бірнеше ардагерлер мен үздік кітапханашыларға Алғыс хаттар және ескерткіш сыйлықтар табыстады.Аталған салтанатта әріптестері қаладағы №16-қазақ орта мектебінде кітапханашы болған, биылғы көктемде өмірден өткен Мәдина Үмбетиярқызы Садақбаеваның есімін сағынышпен еске алды. "Шындық" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдолла Дастанов Мәдинаның отбасы, нақты айтқанда, жолдасы Жасқайрат Еңбекұлы Айбековтің бастамасымен жыл сайын берілетін "№16-қазақ орта мектебінің тұңғыш кітапханашысы Мәдина Үмбетиярқызы Садақбаева атындағы сыйлық" тағайындалғанын хабарлады. "Ардагер кітапханашы" аталымы бойынша БАКУШЕВА Ольга Анатольевна,"Тағылымды кітапханашы" аталымы бойынша ЖҮНІСОВА Аманжан Сәрсенбекқызы,"Тәжіриебелі кітапханашы" аталымы бойынша ТҰРАРОВА Ұлбала Бегзатқызы,"Өнегелі кітапханашы" аталымы бойынша ҚҰЙҚАБАЕВА Қазира Әбілтайқызы, "Ізденімпаз кітапханашы" аталымы бойынша ЖЕТПІСБАЕВА Меңтай Бақытжанқызы.



 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 408 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.10.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Қазан айының 13-14 күндері 2-4, 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты конференция аясында ата-аналарға тақырыбында отбасылық суреттерден көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылардың қолынан салған суреттері, отбасылық суреттер қойылды.

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 368 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.10.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2018 жылғы 4-13 қазан аралығында Халықаралық қыздар күніне орай республикалық онкүндік өткізілді.

Халықаралық қыздар күні қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелерінің ерекшеліктерін мойындау белгісі ретінде 2012 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған болатын.

Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру.

Онкүндік шеңберінде мектебімізде бекітілген жоспарға сәйкес әртүрлі іс-шаралар өткізілді. 

8 қазан күні І және ІІ ауысының линейкасында 9 «А», 4 «В», 3 «Ә», 6 «А»сыныптары Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндік өтетінін және онкүндіктің мақсатымен оқушыларды хабардар етті.8 қазан күні 2 сыныптар арасында «Қыз еркем, кестесімен көркем» атты сынып сағаты өткізілді. Онда қазақ қызына тән жақсы қасиеттер жайлы, ұлттық киімдер, салт-дәстүр жайлы бейнероликтер көрсетілді.

9 қазан күні 4 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Онда қызға қатысты әртүрлі бейнеролик көрсетілді.

11 қазан күні 1 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндік аясында «Қағаздан гүл жасауды үйренейік» атты сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты : оқушыларды еңбекке баулу.

11 қазан күні 3 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Шынықсаң шымыр боларсың» атты қыздар арасында спорттық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру. 5- сыныптар арасында «Сыныптасым – сырласым», «Озар елдің қызы мінезді келеді» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.

6 сыныптар арасында «Қолөнер бұйымдарын жасай білейік» атты сайыс өтті. Сайыстың басты мақсаты қыздардың қаншалықты қолөнер бұйымдарын жасай алатынын, қазақтың ұлттық оюын нақышына келтіріп жасауы ескерілді.

7сыныптар арасында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Қыздардың құқықтары және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында қыздардың құқықтары жайлы сөз қозалды. 8-9 сыныптар арасында «Әдептен озбайық» тақырыбында мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде оқушылар мамандарға әртүрлі ойландырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Жалпы, апталық өз мәнінде өтті. 

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 772 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.10.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2018  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz