Бс, 25.04.2024, 14:39
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2018 » Қараша » 06

31 қазан күні Қ.И.Сәтбаев атындағы химия пәнінен 8-9 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада өтті. Сәтбаев қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен олимпиадаға қатысушылар жетекшілерімен мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражайға және Бейсенбекова Ш.Б атындағы «Мектеп шежіресі» мұражайына саяхат жасап, «Мектеп шежіресі» мұражайындағы құнды,тарихи мәліметтермен танысты.

Мұражайды таныстырушы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Д.К.Батеева және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - А.Е.Икишева.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 378 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 06.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жандандыру мақсатында Сәтбаев қаласының Индустралдық колледжі 9-сынып оқушыларына 29 қазан күні кездесу ұйымдастырған болатын. Коллледж ұстаздары оқушыларға колледжге қалай түсуге болатынын, қандай құжаттар тапсыруға болатынын қысқаша түсіндіріп өтті. Студенттер өмірінен қысқаша бейнебаян көрсетіліп, оқушыларға сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, оқушыларға әртүрлі мамандықтар иелері өздерінің іс-тәжіриебелерімен бөлісіп, оқушыларға жасап көрсетті.

   

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 329 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 06.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

20 қазан күні кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жандандыру мақсатында Сәтбаев қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының демеушілігімен Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіне экскурсия жасады. Мектебімізден 9 «Ә» сынып оқушылары Кушенова Ж. және Қайырбек А. Экскурсияға Сәтбаев қаласының әдіскері Л.Б.Дүйсен жетекшілік етті. Оқушылар т.ғ.к. К.Т.Шынбергенова университет тарихымен таныстырып, алғы сөз сөйледі. Сонымен қатар, оқушыларды «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі А.Қ.Кенжебеков университеттің ғылыми және шығармашылық,тәрбие бағытындағы жұмыстарымен таныстырды. Оқушылар құнды мәліметтермен танысып қайтты. Экскурсия өте қызықты өтті.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 374 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 06.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

29.10.2018 ж Сатбаев қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мектебімізден екі қамқоршы ата-ана қатысты. Адильбекова Кундиз, Салхаева Куляш. Мерекелік іс-шарада әр түрлі ойындар ойнатылып, сұрақтар қойылды. Қамқоршылар белсене қатысып, ұтымды жауап берді. Білім бөлімінің басшысының атынан “Алғыс хат ” берілді.

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 363 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 06.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2018  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz