Сб, 20.04.2024, 02:37
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2018 » Қараша » 07

5 қараша күні мектебіміздің 2-сынып оқушылары арасында сынып жетекшілер Бейсенкул Шабановна мен Жанар Қаламбайқызы «Абайлаңыз, балалар!» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар жол белгілері туралы тақпақтар және жол белгілерінің атқаратын қызметі туралы айтып өтті.

Осындай іс-шаралар жол белгілерін үйреніп, оның түрлерін ажырата білуге, білгендерін пайдалана білуге тұрақты дағдыға айналдыруға үйретеді. Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай орындауға, өзіміздің шағын аудандағы жол белгілерінің есте сақтау дағдысына тәрбиелейді.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 695 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 07.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

31 қазан күні мектебіміздің 9- сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында Жезқазған политехникалық колледжіне экскурсияға барды. Экскурсия барысында оқушылар колледждің өмірімен және колледжге қандай документ тапсырып түсу керектігімен танысты. Оқушылар колледждегі мамандықтар жайлы толық мағлұматтар алып, іс-тәжірибелік сағаттарға қатысты.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 358 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 07.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Мектепаралық спартакиадасы» облыстық жарысқа іріктеу кезеңін 01-03.11 аралығында «үстел теннисі», «тоғызқұмалақ», «асық ату», «шахмат» Сәтбаев қаласы оқушыларының арасында іріктеу жарысы болып өтті. Мектеп «Мектепаралық спартакиадасы» биылғы жүлделі орындар алып мектеп намысын аспандатып тастады. Мектеп оқушылары «Тоғызқұмалақ» І орын, «асық атудан» ІІ орын иеленді.

 

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 359 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 07.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Қазан айының 29-31 күндері аралығында Төлебаев Джамал, Әділбеков Ноян, Серикова Крестина жетекшілігімен қалалық мектепаралық футболдан жарыс өтті. Мектеп оқушылары жүлделі І орын алды.

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 335 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 07.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

30 қазан күні 5-7 сынып оқушыларының күзгі демалысын тиімді өткізу мақсатында мектебімізге №2 ФАО «Өрт сөндіруші» отрядының нұсқаушысы Атабаева Жұлдыз Ахмедияқызы келді. Оқушыларға өрттің алдын алу, өрт болып жатқан жағдайда сақтану шаралары жайлы ақпараттар берді. Өрт – адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зияны тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін,тілсіз жау. Оқушыларды өрт сөндіруші заттар мен автоматты өрт сөндіру құралдарымен таныстырды. Өрт болған жағдайда өрт сөндіру құралдарын қалай пайдалану керектігін көрсетті. «Өрт қауіпсіздігі» туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар өз ойларын айтып,сұрқтар қойды. Оқушыларға «Өрттің алдын алу» атты үндеу парақшалары таратылды. Оқушылар өздеріне керекті құнды мәліметтер алды.

  

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 386 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 07.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2018  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz