Мектебімізде аймақтық «Ұрпаққа - ұлағат» тақырыбындағы тұңғыш рет аймақтық Шабал Бейсенбекова оқулары өтті. Аймақтық педагогикалық оқулар мектептер арасында бастауыш, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің және оқу-тәрбие үдерісі секцияларының педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық-педагогикалық тәжірибелерді тану және тарату мақсатында ұйымдастырылды. Педагогикалық оқуларға Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданынан барлығы 57 жұмыс түсті. Іріктеу кезеңіне 39 жұмыс өтті.
Педагогикалық оқулардың ашылуына қала әкімі Асқар Абылайұлы қатысты. Қала басшысы ең алдымен мектепте орналасқан мұражайларын аралап, «Тілектер кітабына» ізгі тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды.
Сонымен қатар келген қонақтар Ұлытау өңірінде орналасқан киелі орындардың макеттер көрмесін және робототехника үйірмесіне қатысатын оқушылардың жұмыстарын тамашалады.
Іс – шараның барысы мектебіміз ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламамен бастау алды.
Аталған секциялар бойынша барлығы 16 мұғалім жүлделі орындарды иемденді. Барлық қатысушы мұғалімдерге арнайы сертификаттар мен педагогикалық оқуларға ұсынылған жұмыстардың жинағы тапсырылды.
Осы педагогикалық оқуға мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Сейтбеков Алтынбек Болатбекович қатысып жүлделі ІІ орынды иемденді.Әріптесімізді құттықтаймыз!!!