Сб, 27.04.2024, 07:31
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2019 » Сәуір » 03

12 сәуір күні – еліміздің ғұлама геолог-ғалымы, көрнекті қоғам қайраткері, академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражайға саяхат жасаушылар саны көбеюде. Саяхат жасауға ниет білдірушілер қала мектептері мен колледждері.

02 сәуір күні Сәтбаев қаласының №16 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен оқушылары мұражайға саяхат жасады. Мұражайды таныстырған мұражай жетекшісі, география пәні мұғалімі К.С.Жунусова. Оқушылар мұражайды аралау барысында көптеген тың мәліметтермен танысып, үлкен ұлы сезімге, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып,ой бөлісті. Оқушылар үшін осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!

Мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражай күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Баршаңызды мұражайға саяхат жасауға шақырамыз!

 

 

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 311 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 03.04.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

№27 жалпы орта білім беретін мектебінде жалпы мектеп ұжымына, ата – аналарға, 9-11 сынып оқушыларына «Білім саласындағы медиация» - тақырыбында мектебіміздің педагог-психолігі Р.С.Алиева түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2011 жылдың 28- қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы қабылданды.Бұл заң ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай – ақ медиаторлардың мәртебесін айқындайтындығын айтып өтті.

Медиацияны қолданысқа енгізу мәселесінің өзіндік бір ерекшелігі бар.Қайшылықты жағдайларды реттеу ісі кәсіпқой мамандарға ғана сеніп тапсырылады.Қазіргі сәтте білім беру ұйымдарында бұл проблемамен директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, психолог, әлеуметтік педагог мамандар шұғылданады.

Мектептегі медиацияның мақсаты – мектеп қызыметкерлерінің және ата – аналар, оқушылар арасындағы өзара келіспеушілікті бітімгершілікпен шешу.

Міндеті – жасөспірімдерді қандай деңгейдегі болсын қайшылықтарды бейбіт жолмен шеше білуге, ал үлкендерді балалардың айтайын дегенін тыңдата білуге үйрету.

Жалпы мектепте өзара түсіністік және ынтымақтастық заңмен тіршілік ететін бейбіт қауымдастық орнату арқылы осы заңмен өмір сүретін қауым құру мүмкіндігіне де үміт артуымызға болатындығы айтылды.

Мектеп медиаторының жұмыс уақыты:

Сенбі күні сағат:10.00-13.00

Алиева Рита Советовна

Ұялы телефоны:87774183513

  

Оқылған саны: 487 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 03.04.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2019  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz