Сб, 20.04.2024, 15:31
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2019 » Маусым » 13

            Жазғы «Балдәурен» сауықтыру алаңында жоспарға сай 12 маусымда тәрбиеші Жаксылыкова Т.К. ұйымдастыруымен «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» спорттық ойын-жарысы өткізілді. Спорттық жарысқа «Шапағат», «Күншуақ», «Жұлдыз» тобы қатысты. Сайыстың мақсаты балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыру, топтық  спорттық жарыс, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Спорттық жарыс барысында «Эстафеталық таяқша», «Шегіртке», «Секіртпе», «Доп ұру», «Тепе-теңдікті сақтау» ойындары өткізілді. Спорттық жарыс  барысында «Күншуақ» тобы III орын, «Жұлдыз» тобы II орын, «Шапағат» тобы I орынды жеңіп алды. Бүгінгі өткізілген іс-шара балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады.

       

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 389 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

Жазғы «Балдаурен» сауықтыру алаңында жоспарға сай  8 маусымда  кітапханашылар  -  К.А.Куйкабаева, К.К.Биханованың  арнайы ұйымдастыруымен  «Балғын бояу шеберлері» тақырыбында  сайыс өткізілді. Сайысқа « Шапағат», «Жұлдыз», Ұлан», « Күншуақ» тобынан балалар қатысты. Сайыстың мақсаты балалардың өздері оқыған ертегілерінен сүйікті кейіпкерлерінің суретін салу. Сайыс арнайы бағалау критерилерімен  бағаланды. Нәтижесінде І орынды « Жұлдыз » тобы иеленсе, ІІ орынды «Күншуақ» тобы иеленді, ІІІ  орынды «Ұлан», «Шапағат» топтары жеңіп алды. Мазмұнды іс-шара балаларға жақсы көңіл күй сыйлады.

       

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 381 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

       Жазғы «Балдәурен» сауықтыру алаңында жоспарға сай 7 маусымда тәрбиеші Муханова Ж.Т ұйымдастыруымен «Қазынаны тап» спорттық ойын-сауық өткізілді. Сайысқа «Шапағат», «Күншуақ», «Жұлдыз» тобы қатысты. Сайыстың мақсаты балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Сайыс барысында «Мақалды жалғастыр», «Кім тапқыр», «Сиқырлы ұяшықтар», «Алма жеу» жарыстары өткізілді. Сайыс барысында «Күншуақ» тобы I орын, «Жұлдыз» тобы II орын, «Шапағат» тобы  III орынды жеңіп алды. Бүгінгі өткізілген іс-шара балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады.

          

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 345 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

          Маусым айының 6 күні. Бүгінгі күніміз ерекше күн деп аталады. Таңғы жаттығумызды флеш-моб биімен бастап, жалғасын жаттығулар жасап аяқтадық. Ерекше күн деп аталған себебі әр бала өзінің қалаған ісімен айналысты. Мысалға кішкентай  бүлдіршіндер мультфильм көрді. 3-6 сынып аралықтағы балалар шахмат, тоғызқұмалақ, шашки ойнады. Ертегі кітаптар оқығанды жақсы көретін балалар кітап оқуға уақыттарын арнады. Бүгінгі күніміздің ерекшілігі осы. Әр бала өзінің сүйін көретін ісімен айналысты.

        

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 337 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

Маусым айының 5 күні «Бадаурен» сауықтыру алаңы ашылу салтанаты болды.

      Шаттан, күл балақай

      Қуанатын күн бүгін

      Қайырлы таң!

      Қайырлы күн!

      Күліп шығып шықты күн бүгін!

 Әр топ оқушылары өздерінің топ атын, ұранын, жорық сөздерін айтып, таныстырды. Ашылуына салтанатына мектеп директоры Г.Г. Жунусова  және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Икишева қатысты. Демалушы бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдірді. Әр топ бүлдіршіндері бір ән, бір биден өнерлерін көрсетті. Іс-шара соңы би кешімен аяқталды.   

                       

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 341 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

    "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"

      Маусым айының 3 күні «Балдәурен» сауықтыру алаңымен таныстыру. 18 күнде өткізілетін іс-шаралар жөнінде тоқталып, келген бүлдіршіндерді 4 топқа бөлінді.  Бірінші күні «Бала еңбек қанауға 12 күн» акциясымен таныстырылды. «Қауіпсіз жаз - 2019 жыл» сауықтыру алаңының жетекшісі Айтлеуова А.С. баяндама оқып, оқушыларға сұрақтар қою арқылы ойын  түрінде өткізді.Науқанды ұйымдастырудағы мақсат бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, сонымен бірге адам саудасын, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым –қатынас жасауға қақысы бар. Жазғы сауықтыру алаңына келген балалармен «Қауіпсіз жаз- 2019» және «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты тақырыптарында жиын өтті. Бала құқықтары туралы сұрақтар қойылды. Балалар өз ойларын еркін айтты.

                        

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 328 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

        №27 мектептің жанынан ашылған алаң балаларды сауықтыру мақсатында өз есігін ашты.

        Алаң 3 маусым айынан бастап 22 маусымға  дейін болды. Алаң 18 күнге есептелген, 80 бала демалуда.

       Алаңда 4 топ бар: «Жұлдыз», «Ұлан», «Күншуақ», «Шапағат». Әрбір топ өз тобының  ұранын,  әнін жаттап, топтағы бұрыштарын әрледі. Әрбір күн қызықты және көңілді болу үшін тәрбиешілер іс-шаралар кестесін жасады, әр  іс-шара балалардың орындау қабілетін арттыруға , жауапкершілігін түсінуге арналды. Осы жоспарымызға қосымша «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын қостық.

Маусым айының алғашқы күні  Халықаралық балаларды қорғау күнімен басталады. Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы. «Адамның бір қызығы бала деген» деп ұлы дана, кемеңгер Абай айтқандай, бала – адамның бауыр еті, өмірінің жалғасы, көрер қызығы, артына қалдырар ұрпағы. Сәтбаев қаламызда балалар күніне арналған көптеген іс-шаралар өткізілді. Солардың бірі мектебіміздің 2 сынып оқушылары мультфильм кейіпкерлерінің би қимылдарын биледі. Ал 5-6 сынып оқушылары асфальтқа еркін тақырыпта сурет салды. Бұл күні оқушылар өте жақсы көңіл күймен қайтты.

                              

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 304 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Маусым 2019  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz