Сайттың мәзірі
Статистика
Барлығы онлайн: 1 Қонақтар: 1 Қолданушылар: 0
|
Главная » 2019 » Маусым » 24
«Балдәурен» сауықтыру алаңында жоспарға сай 19 маусымда тәрбиеші Шубаева Н.Т. ұйымдастыруымен Жайдарман КВН топтар арасындағы сайыс өткізілді.
Қалжыннан несіне сескендің,
Қазағым әзілмен көшкен жұрт
Күлкіге шөлінді қандырар,
Жайдарман клубына қош келдің!-
Балдәурен сауықтыру алаңында өткізгелі отырған, жайдарман ойынына қош келдіңіздер!
Өнер көрсететін өнерпаздар сіздерге өнердің түрлері және өнер арқылы ел алдына қалай шығу керектігін - әдемі әзілмен, үйлескен ұйқаспен, күлкілі көрініспен, жақ ашар жаңалықпен жеткізеді деген сенімдемін.
Әр топтың көрсеткен көріністері бір-бірінен асып түсті. Әсіресі «Ұлан» тобының көрсеткен көріністері казіргі заманға сай.
|
1-4 топ оқушыларының «Лагер аруымен жігіті 2019» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі ұл- ертенгі әке, бүгінгі қыз –ертеңгі ана. Сол септен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет- ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда ұл –қыздарымыз көп біліп, өз көтереді деп ойлаймын. Сайыстын бағдарламасы:
1.«Мен қазақтың ұл-қызымын» өзін-өзі таныстыру. 2.«Өнерлінің өрісі кең» өз өнері 3.«Кім жылдам» - қағаздаң гүл жасау қыздар, ұлдар кір тасын көтеру. 4.Әсемдік жарасады» сән үлгісін көрсету
Оқылған саны: 383 |
Қосқан: asikon26 |
Уақыты: 24.06.2019
|
|
Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Ол болашақ сатып алушылардың санасы мен назарына тауарлар мен қызметтер туралы маңызды фактілер мен мәліметтерді жеткізу үшін көркем көрсетілген нысанда қысқа және нұсқа түрінде ұсынылады. Жама берудің екі тәсілмен беріледі: -жарнама беруші жарнаманы өзін дайындап, содан кейін оны басып, халыққа ұсынады; -жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді. Олай болса әр топтың дайындаған жарнамаларын тамашалайық. 1. «Жұлдыз» тобы (құлпынай) 2. «Күншуақ» тобы (банан) 3. «Ұлан» тобы (алмұрт) 4. «Шапағат» тобы (алма)
Оқылған саны: 402 |
Қосқан: asikon26 |
Уақыты: 24.06.2019
|
|
«Алау болып жанамыз,
Жеңісті біз аламыз»,-
Деп келіпті бишілер
Қуана қарсы аламыз!
Би - музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс - әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім - әсерлері. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл - бимен бейнелеу көне дәуірдегі өмір талабынан туды. Келе - келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты.
Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым – деп әр топтың дайындаған флеш-моб биі.
|
|
|
|
| | |