Сб, 18.05.2024, 10:55
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » Жаңалықтар мұрағаты

Рухани жаңғыру: ХХ ғасырда болашаққа бағдарлай отырып, жаңартылған білім мазмұнында шекарасыз оқыту

02 наурыз күні мектебімізде қалалық шығармашылық ашық есік күні өтті.

Мақсаты:Болашақтың іргетасы - бәсекеге қабілетті жас ұрпақты білім және тәрбие негізіне бағыттау тәжірбиесімен бөлісу. Ашық есік күні мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары сабақтар, сабақтан тыс іс - шаралар өткізді. Өткізілген іс - шарамыз ІІІ бөлімнен тұрды. Іш - шарамыз сағ:9:00- де басталды. Ашылу салтанатында мектебіміздің директоры Г.Г.Жунусова сөз алып бүгінгі іс - шараның мақсат, міндетімен таныстырды. І бөлімде 7 ұстаздың ашық сабақтары өтті. ІІ бөлімде 8 ұстазымыз өздерінің ашық сабақтарымен, мектептен тыс іс - шараларын өткізді. ІІІ бөлімде: "Дара жол - дара тұлға" атты Шабал Бейсенбековамен кездесу өтті. Ашық есік күннің тағыда бір ерекшелігі қалалық Ш.Бейсенбекова оқулары болып өтті. Қаламыздың 21 ұстазды оқуларға қатысып жүлделі орындармен марапатталды.

     

     

Оқылған саны: 370 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 03.03.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру»

Ақпан айының 23 жұлдызында Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» оқушылары Жезқазған тарихи-өлкетану мұражайы мен Жезқазған қаласының «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайына саяхатқа шықты. Ең алғашқы қадам Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайынан басталды. Ұлы тұлғаның есімі берілген мұражайға саяхат жасалды. Мұражай қызметкерлері оқушыларға ғалымның өмірбаянын толығымен айтып берді. Сондай-ақ мұражай ішіндегі тарихи жәдігерлерге тоқталып, толық мағлұмат беріп өтті. Саяхат барысында оқушыларға мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді. Танысу барысында мұражай қызметкерлері қызықты мәліметтер туралы сыр шертті. Оқушылар мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухта бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін , терең ой түйгендерін  бір-біріне айтып, ой бөлісті. Алдағы уақытта Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға өздерінің үлесін қосады деп сендіреміз.

   

     

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 387 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 24.02.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Қар ханшайымы-2018»

21 ақпан күні  мектебімізде 1-2 сынып оқушылары арасында «Қар ханшайымы-2018» байқауы өтті. Кішкентай аруларымыздың бойындағы өнерлерін паш етіп, сұлулық пен әдемілікке баулу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 5 оқушы қатысты. Олар байқаудың таныстыру, сән үлгісін көрсету және өнерлерін ортаға салу сынды кезеңдерінде өздерін жан-жақты көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына кенелді. Үш кезеңде оқ бойы озық шыққан үш қатысушы жүлделі орындарға ие болса, қалған арулар «Өнерлі ару», «Сымбатты ару» номинациясына ие болды. 

     

     

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 412 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 22.02.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Дәрежесі: Республикалық іс шаралар | Оқылған саны: 492 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.02.2018 | Түсіндірмелер саны (1)

«Қаржылық сауаттылық» күні

2018 жылдың 16 ақпаны күні «Экономика барлығы үшін» жобасы аясында  «Қаржылық сауаттылық» күні өтті. Барлық сыныптар тақырыптық сынып сағаттары мен экономикалық ойындар өткізіп, видеофильмдер көрсетілді.

«Қаржылық сауаттылық» күнін өткізудің мақсаты:

  1. Оқушылардың бойында қаржы туралы жалпы түсінік қалыптастыру;
  2. Жеке қаржыны тиімді басқарудың дағдылары мен қаржы мәдениетін қалыптастыру;
  3. Оқушыларға ақшаны дұрыс ұстауға, ақша ұстау үшін қажетті білім алуға, қаржылық жоспарлауды, отбасы бюджетін қалыптастыруға және жоспарлауға үйрету.

Бекітілген жоспар бойынша І, ІІ ауысымда 1 сабақтан соң саптық жиын  өткізілді.

       

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 700 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 19.02.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

2018 жылдың 16 ақпаны күні мектебімізде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы  толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Кездесу кеші 2 бөлімнен тұрды. 1 бөлімінде оқушылар КСРО әскерлері Ауғаннан шығарылуын 29 жыл толуына орай «Алау», «Ұлан» әскери – патриоттық сапта жүріп ән айту сайысы өтті. 2 бөлімінде КСРО әскерлері Ауған  жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына ұйымдастырылған кеш барысын ауған соғысы ардагері Әлібаев Берік Арыстанбайұлы өз естеліктерімен бөлісіп, жастарды бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.

      

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 496 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 19.02.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Рухани жаңғыру»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «№27 жалпы орта білім  беретін мектебі» КММ  бастауыш сынып оқушылары  мектебіміздегі Қ.И.Сатбаев атындағы мұражайға саяхат жасады. Мұражайды аралау барысында оқушылар көптеген тың мәліметтермен танысты. Таныстыру барысында мұғалімдер оқушыларға қызықты мәліметтер туралы сыр шертіп, оқушыларды қызықтыра түсті. Оқушылар мұражайды аралау сәтінде үлкен ұлы сезімге, патриоттық рухқа бөленіп шықты.  Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып,ой бөлісті. Оқушылар үшін осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!

     

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 349 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 19.02.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Тәуелсіздік ата- баба арманы,ұрпақ үшін мақтаныш!»

Тәуелсіздікке 26 жыл толуына  байланысты 3 «Ә»сынып жетекшісі Мукажанова Алтын Аксейтқызының сыныбында «Тәуелсіздік ата- баба арманы,ұрпақ үшін мақтаныш!» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты:  Жас ұрпақты елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге үйрету, адамгершілік ,патриоттық сезімдерді қалыптастыру.Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатын 3 «Ә» сынып оқушылары Қасым Баян мен Махмадиар Жастілек жүргізді. Оқушылар тәуелсіздік сөзіндегі 11әріпке байланысты тақпақтар айтты. «Желтоқсан желі» атты бейне фильм көрсетілді.Домбырамен ән орындалды. Тәрбие сағатын «Желтоқсан желі»атты әнмен аяқтады.

   

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 504 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.12.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

     ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде 9 желтоқсан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі К.Серикова ұйымдастыруымен мектеп ұжымы арасында спорттық-эстафеталық сайыс өтті. Сайысқа бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған «Балдәурен» тобы және мектебіміздің жас мамандарынан құралған «Барыс» тобы, мектебіміздің кіші қызметкерлерінен құралған «Бірлік» тобы қатысты.  Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыс кезеңдерін қатысушылар барынша қызықты, тартымды өткізуге тырысты. Спорттық сайыстың жеңімпазы  мектебіміздің кіші қызметкерлерінен құралған «Бірлік» тобы болды.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 415 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.12.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

     25 қараша күні мектебімізде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Адильбеков ұйымдастыруымен «Қазіргі күннің батырлары» атты спорттық сайыс өтті. Бұл сайыстың өту мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру,  оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке баулу. Бұл сайысқа 4-сынып оқушылары қатысты. Сайыс 5-кезеңнен тұрды. Әр кезең біткен соң оқушыларға сергіту сәті ретінде флеш-моб билетілді. Сайыстың шарты бойынша әр сынып өз тобына ат қойып, ұранын жаттап келу тапсырылған болатын. Әр сыныптан құралған топтар сайыстың әр кезеңдеріне қызықты, белсенді қатысты. Қазылар алқасы орындарды сайыс шарттарын сақтаған сыныпқа берді. Жеңімпаз 4 «Б» сыныбынан құралған «Барыс» тобы атанды. Жеңімпаз топқа арнайы грамоталар берілді. Сайыс жоспарға сай қызықты,тартымды өтті.

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 393 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.12.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

« 1 2 ... 7 8 9 10 11 ... 17 18 »
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz