Ақпан айының 23 жұлдызында Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» оқушылары Жезқазған тарихи-өлкетану мұражайы мен Жезқазған қаласының «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайына саяхатқа шықты. Ең алғашқы қадам Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайынан басталды. Ұлы тұлғаның есімі берілген мұражайға саяхат жасалды. Мұражай қызметкерлері оқушыларға ғалымның өмірбаянын толығымен айтып берді. Сондай-ақ мұражай ішіндегі тарихи жәдігерлерге тоқталып, толық мағлұмат беріп өтті. Саяхат барысында оқушыларға мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді. Танысу барысында мұражай қызметкерлері қызықты мәліметтер туралы сыр шертті. Оқушылар мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухта бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін , терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Алдағы уақытта Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға өздерінің үлесін қосады деп сендіреміз.