Сб, 04.05.2024, 17:39
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » Жаңалықтар мұрағаты

5 қыркүйек Сәтбаев қаласы "Төтенше жағдайлар бөлімі" РММ ұйымдастыруымен Сәтбаев қаласы аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және білім беру, жалпы орта білім беретін мектеп  оқушыларымен өрт қауіпсіздік ережесін сақтау, өрттің алдын алуға, балалардың улы газдан улануға жол бермеу, адам өлімін болдырмау және күзгі судағы қауіпсіздік мақсатында әңгімелесу және төтенше жағдайлар бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушыларға негізгі және маманданған мақсаттағы өрт сөндіру техникасы, өрт сөндірушінің әскери киім - кешегімен жабдықтары көрсетілді. Оқушылар өрт сөндірушілердің жұмыс жағдайымен танысты. Экскурсия соңында өрт сөндірушілер оқушылармен суретке түсті.

 

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 372 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 06.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сәтбаев қаласының 45 жылдығына орай ұйымдастырылған 5 қыркүйек "Мейірімділік күні" аясында мектебіміздің әлеуметтік педагогы  Ж.М. Жақып және аға тәлімгер М.Т.Абдильманова ұйымдастуымен мектебімізде бірнеше жыл ұстаздық еткен  ардагер ұстаздарымыз  Дүтбаев Досым ағай мен Жеңіс апайдың үйіне барып, көмек көрсетілді. Аталған шараға осы мектебіміздің белсенді оқушылары жаппай ат салысып, ардагер ұстаздың үйіне, ауласына тазарту жұмыстары жүргізілді.  Осылайша, зейнеткер ұстаздарымыз көп жылдар бойы қалтқысыз қызмет еткен ұжымының қамқорлығына бөленді. Атап өтсек, ардагер ұстазға деген риясыз құрмет алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

      

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 438 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сәтбаев қаласының 45 жылдығына арналған "Қ.И. Сәтбаев-Тұлға. Патриот. Ғалым" атты халықаралық симпозиумның  аясында келген қонақтар Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейінің жетекшісі, өлкетанушы К.Б.Балкенов, Жезқазған тарихи-археологиялық музейі "Тарих және археология" бөлімінің басшысы Ғ.Ж.Әуезов, Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, т.ғ.к., доцент Ж.Ә.Жұмабеков, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы, т.ғ.к., З.Қ.Сұрағанова 5 қыркүйек күні мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражайға саяхат жасады. Келген қонақтарға мұражайдың тарихымен, ондағы экспонаттар, минералды тастар жайлы және Қ.И.Сәтбаев өмірбаянына шолу жасалынды. Мұражайдағы Қ.И.Сәтбаевқа арналған ғылыми еңбектерге назар аударылды. Мұражайды таныстырушы мектебіміздің бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі М.Т. Мухтарова.

 

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 371 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

       "Сәтбаев қаласының оқушылар сарайы" КМҚК ұйымдастыруымен 3 қыркүйек күні қаламыздың 45 жылдығына арналған қалалық "Күн шуағы" атты асфальтта сурет салу байқауында  "Менің қаламның көшелері" номинациясы бойынша мектебіміздің оқушылары бас жүлдені жеңіп алды.

   

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 407 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сәтбаев қаласының №27 жалпы орта білім беретін  мектебінде 1 қыркүйек білім күніне арналған «Мен өз елімнің патриотымын» атты салтанатты жиын өтті. 

Білім күніне арналған салтанатты жиын «Мен өз елімнің патриотымын» атты тақырыпта өтті. Білім күні Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен  Астана қаласының 20 жылдығы, қыркүйек айында Сәтбаев қаласына 45 жыл толуына арналды. Білім күніне арналған салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөз кезегі қонағымыз Сәтбаев қаласы, Білім бөлімінің әдіскері Джарасова Қымбат Мырзатевнаға және мектеп директоры Жунусова Гульзия Габдулуахитовнаға берілді. Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу құрметі биыл түлеп ұшатын түлегіміз Тілегенов Әділет және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршініміз Темірлан Анель берілді. Білім күніне арналған салтанатты жиын аяқталған соң  1-11 сыныптар арасында «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттары өткізілді. Білім күніне арналған іс-шаралар өз мәнінде өтті.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 329 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

        Биылғы 2018 - 2019 оқу жылында №27 жалпы орта білім беретін мектебімізде ішінара жөндеу өтуде: терезе алмастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары - Сәтбаев қаласының білім бөлімі және қалалық мәслихат депутаттарының назарында. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер "ЖШС Zhilkeldi buildind"

        Осы жөндеу жұмыстарының барысымен танысу мақсатында қалалық мәслихат депутаттары рейттік тексеріс жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында депутаттарды білім бөлімінің әкімшілігі мен мердігер ұйымның басшылары жұмыс барысымен таныстырды. Мектебіміз жаңа оқу жылына дайындық үстінде. Оқушыларымызды жаңа терезелермен қатар жөндеуден өткен оқу кабинеттері де күтуде. Мектеп ұстаздары жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуына қолдан келген көмектерін беруде.

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 339 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 18.08.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Балдәурен» сауықтыру алаңы

«Балдәурен» сауықтыру алаңымен таныстыру. 18 күнде өткізілетін іс-шаралар жөнінде тоқталып, келген бүлдіршіндерді 4 топқа бөлінді. Бірінші күні «Бала еңбек қанауға 12 күн» акциясымен таныстырылды. «Қауіпсіз жаз -2018ж» Жанедилова Ж.К. баяндама оқып, оқушыларға сұрақтар қою арқылы ойын түрінде өткізді. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым –қатынас жасауға қақысы бар. Жазғы сауықтыру алаңына келген балалармен «Қауіпсіз жаз- 2018» және «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты тақырыптарында жиын өтті. Бала құқықтары туралы сұрақтар қойылды. Балалар өз ойларын еркін айтты.

                            

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 348 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.06.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

"Ұлы дала мұрагерлері"

4 маусым Жезқазған қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 жылдығына орай Республикалық "Ұлы дала мұрагерлері" атты форум өтті. Бұл Форумға "27 ЖОББМ" КММ ұстаздары мен оқушылары қатысты. "100 күйдің тариxы" атты жоба аясында мектеп оқушылары мен ұстаздарынан құралған оркестр Халық күйі "Кеңес" күйін орындады. "Шебер қолдар" қалашығында әр түрлі көркем суреттер салынып, қолөнер бұйымдары жасалды. "Bookcrossing” жобасы бойынша мектеп оқушылары агитбригада өткізді. Бұл форумның негізгі мақсаты жас ұрпақты патриоттық сезімдерін оятып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, Ұлы даланың мұрагерлерін таныту болып табылады.

    

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 440 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 04.06.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Үздіктер слеті»

       Мектебімізде 19 мамыр күні «Үздіктер слеті» болып өтті. Слетіміздің мақсаты: оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оқуға деген ынтасын арттыру, мектептің жанашыр ата-аналарына  құрмет көрсету.

           Жыл бойы үздік білімімен және үлгілі тәртібімен көзге түсіп, мектебіміздің мақтаныштары атанған 71 оқушымыз бар. Бұл оқушыларға жаңа оқу жылының басында ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің арнайы мақтау қағазы тапсырылды.

         Үздіктер слетінде әнұран шырқалды. Бұл слеттің ерекшелігі алғаш мектеп гимнінің тұсауы кесілуі. Сөзін жазған: I санатты орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Мұхтарова Мария Тлеулиевна, әнін жазған I санатты музыка пәні мұғалімі Сейтбеков Алтынбек Болатбекұлы.

          «Жыл үздігі - 2018» номинациясына  11сынып оқушылары «Алтын белгі» үміткері Мұқаш Ұлболсын және де ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер, оқу озаты Құлыбек Қазыбек иеленді.

         Қалалық ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері: Абдыбек Мадияр 9 Ә сынып 3 орын, Мырзакарина Назерке 8 А сынып 2 орын, Мәлік Гүлнұр 9 Б сынып 3 орын, Ахмедияров Рахат 8 Б сынып 2 орын, Тоқтас Ботагөз 9 А сынып 3 орын, Каримова Динара 10 Ә сынып 3 орын, Рахымберлі Аружан 8 Ә сынып 2 орын, Нұрболатұлы Мағжан 9 А сынып 1 орын, Абдуманап Кымбат 9 Ә сынып 3 орын, Жылқайдарова Аружан 9 А сынып 1 орын, Жакубаев Азат 8 А сынып алғыс хатпен марапатталды.

Көп оқитын, терең оқитын, үлкенге ізетті, кішіге қамқор, мектебімізді өркендететін , тілімізді көркемдететін белсенді оқушыларымыздың АЛАР АСУЛАРЫ, ШЫҒАР БЕЛЕСТЕРІ ШЕКСІЗ БОЛСЫН!!!

      

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 469 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 21.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?! – демекші, қазақ халқы қыз баланы ертеден сыйлап, қызды гүлге теңеп, «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге оларға тәрбие беретін ортаның да айтарлықтай әсерінің бар екені рас. 10 мамыр күні мектебімізде Г. Балтина мен Ж.Амантаеваның ұйымдастыруымен «Ақылды қыз, білімге жүгінер» атты 8-10 сынып қыздар арасында сайыс өтті. Мақсаты: Қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Сайыс қонақтары : Аналар кеңесінің төрайымы – М.С.Мадиева, «Достық» үйінің директоры – Г.Р.Гатиятова, Аналар кеңесі және ақ әжелер кеңесінің мүшесі – Б.Ә.Әбеева. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.  Сайыстың әр кезеңінде қыздар тапқырлық танып, ұтымды жауап айтып, сайысты қызықты өтуіне ат салысты. Сайыс соңында кеш қонақтары қыздар қауымымен сырласа отырып, оқушылардың  сұрақтарына жауап берді.

     



 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 425 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 17.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

« 1 2 ... 5 6 7 8 9 ... 17 18 »
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz