Жс, 05.05.2024, 05:17
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » Мектептегі іс шаралар

18 қазан күні мектебіміздегі шағын орталықта А.Жалғасбаеваның ұйымдастыруымен айқауы өтті. Байқауда шағын орталықтың бүлдіршіндері күз туралы өлеңдер айтып, енді бірі тамаша билеп берді. «Күз сыйы» көрмесіне бүлдіршіндердің ата-аналары жеміс-жидектерден түрлі бейнелер жасап қойды. Байқауға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Е.Икишева, А.К.Кызданова төрешілік етті. Байқау өте қызықты өтті.

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 362 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.10.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 лицей - мектебінде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы мектеп кітапханашыларын құрметтеу салтанаты болып өтті. Салтанатқа қатысушыларды қалалық білім бөлімінің басшысы Берік Базылұлы Ақышбеков құттықтады. Өткен жылы қаламызда кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай кітапханашыларды арнайы құттықтау, құрметтеу салтанаты алғаш рет ұйымдастырылған болатын. Кітапханашы еңбегі - көзге көрінбейтін,өкінішке қарай, елене де бермейтін еңбек. Сондықтан, осы олқылықтың орнын толтыру - біздің мақсатымыз - деген ол бірнеше ардагерлер мен үздік кітапханашыларға Алғыс хаттар және ескерткіш сыйлықтар табыстады.Аталған салтанатта әріптестері қаладағы №16-қазақ орта мектебінде кітапханашы болған, биылғы көктемде өмірден өткен Мәдина Үмбетиярқызы Садақбаеваның есімін сағынышпен еске алды. "Шындық" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдолла Дастанов Мәдинаның отбасы, нақты айтқанда, жолдасы Жасқайрат Еңбекұлы Айбековтің бастамасымен жыл сайын берілетін "№16-қазақ орта мектебінің тұңғыш кітапханашысы Мәдина Үмбетиярқызы Садақбаева атындағы сыйлық" тағайындалғанын хабарлады. "Ардагер кітапханашы" аталымы бойынша БАКУШЕВА Ольга Анатольевна,"Тағылымды кітапханашы" аталымы бойынша ЖҮНІСОВА Аманжан Сәрсенбекқызы,"Тәжіриебелі кітапханашы" аталымы бойынша ТҰРАРОВА Ұлбала Бегзатқызы,"Өнегелі кітапханашы" аталымы бойынша ҚҰЙҚАБАЕВА Қазира Әбілтайқызы, "Ізденімпаз кітапханашы" аталымы бойынша ЖЕТПІСБАЕВА Меңтай Бақытжанқызы.



 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 416 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.10.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Қазан айының 13-14 күндері 2-4, 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты конференция аясында ата-аналарға тақырыбында отбасылық суреттерден көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылардың қолынан салған суреттері, отбасылық суреттер қойылды.

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 378 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.10.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2018 жылғы 4-13 қазан аралығында Халықаралық қыздар күніне орай республикалық онкүндік өткізілді.

Халықаралық қыздар күні қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелерінің ерекшеліктерін мойындау белгісі ретінде 2012 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған болатын.

Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру.

Онкүндік шеңберінде мектебімізде бекітілген жоспарға сәйкес әртүрлі іс-шаралар өткізілді. 

8 қазан күні І және ІІ ауысының линейкасында 9 «А», 4 «В», 3 «Ә», 6 «А»сыныптары Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндік өтетінін және онкүндіктің мақсатымен оқушыларды хабардар етті.8 қазан күні 2 сыныптар арасында «Қыз еркем, кестесімен көркем» атты сынып сағаты өткізілді. Онда қазақ қызына тән жақсы қасиеттер жайлы, ұлттық киімдер, салт-дәстүр жайлы бейнероликтер көрсетілді.

9 қазан күні 4 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Онда қызға қатысты әртүрлі бейнеролик көрсетілді.

11 қазан күні 1 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндік аясында «Қағаздан гүл жасауды үйренейік» атты сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты : оқушыларды еңбекке баулу.

11 қазан күні 3 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Шынықсаң шымыр боларсың» атты қыздар арасында спорттық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру. 5- сыныптар арасында «Сыныптасым – сырласым», «Озар елдің қызы мінезді келеді» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.

6 сыныптар арасында «Қолөнер бұйымдарын жасай білейік» атты сайыс өтті. Сайыстың басты мақсаты қыздардың қаншалықты қолөнер бұйымдарын жасай алатынын, қазақтың ұлттық оюын нақышына келтіріп жасауы ескерілді.

7сыныптар арасында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Қыздардың құқықтары және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында қыздардың құқықтары жайлы сөз қозалды. 8-9 сыныптар арасында «Әдептен озбайық» тақырыбында мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде оқушылар мамандарға әртүрлі ойландырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Жалпы, апталық өз мәнінде өтті. 

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 803 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.10.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

"Күз сыйы" көрмесі.

Қыркүйек айының соңғы аптасында мектептебімізде «Күз сыйы» көрмесі ұйымдастырылды. 1-5 сынып оқушылары аралығында ұйымдастырылған көрмеге жеміс –жидектерден жасалған түрлі бейнелер қойылды. Мектептің 1 қабатында жасалған көрмені оқушылар мен ата-аналар тамашалады. Мектеп әкімшілігінен құрылған қазылар алқасы жеміс –жидектерден жасалған түрлі бейнелерге ақылдаса отырып орындар берді. Жақсы ұйымдастырған сынып жетекшілер мен әдемі бейне жасаған оқушылар марапатталды.

           

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 515 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 11.10.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

ұстаздар мерекесі

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 385 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 11.10.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Қыркүйек айының 8-9 күндері сағ 10: 00-де мектебіміздің 1,10,11 сынып оқушыларының  ата-аналарына арналған «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты конференция өткізілді. Конференцияға қатысушы ата-аналар тіркеуден өтіп, ата-аналарға жадынама мен сауалнамалар таратылды. Конференцияны мектеп директоры Г.Г.Жунусова және мектеп психологы  Р.С.Алиева жүргізді.

Конференцияда мынадай аса маңызды мәселелер қаралды:

1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.

2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.

3. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.

4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.

5. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.

6. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.

7. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.

8. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.

«Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» оқушылардың ата-аналарына бейнеролик көрсетілді. Конференция соңында ата-аналар тарапынан оң пікірлер мен жақсы тілектер айтылды.

   

 

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 424 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 14.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сәтбаев қаласының №27 жалпы орта білім беретін  мектебінде 1 қыркүйек білім күніне арналған «Мен өз елімнің патриотымын» атты салтанатты жиын өтті. 

Білім күніне арналған салтанатты жиын «Мен өз елімнің патриотымын» атты тақырыпта өтті. Білім күні Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен  Астана қаласының 20 жылдығы, қыркүйек айында Сәтбаев қаласына 45 жыл толуына арналды. Білім күніне арналған салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөз кезегі қонағымыз Сәтбаев қаласы, Білім бөлімінің әдіскері Джарасова Қымбат Мырзатевнаға және мектеп директоры Жунусова Гульзия Габдулуахитовнаға берілді. Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу құрметі биыл түлеп ұшатын түлегіміз Тілегенов Әділет және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршініміз Темірлан Анель берілді. Білім күніне арналған салтанатты жиын аяқталған соң  1-11 сыныптар арасында «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттары өткізілді. Білім күніне арналған іс-шаралар өз мәнінде өтті.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 329 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

        Биылғы 2018 - 2019 оқу жылында №27 жалпы орта білім беретін мектебімізде ішінара жөндеу өтуде: терезе алмастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары - Сәтбаев қаласының білім бөлімі және қалалық мәслихат депутаттарының назарында. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер "ЖШС Zhilkeldi buildind"

        Осы жөндеу жұмыстарының барысымен танысу мақсатында қалалық мәслихат депутаттары рейттік тексеріс жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында депутаттарды білім бөлімінің әкімшілігі мен мердігер ұйымның басшылары жұмыс барысымен таныстырды. Мектебіміз жаңа оқу жылына дайындық үстінде. Оқушыларымызды жаңа терезелермен қатар жөндеуден өткен оқу кабинеттері де күтуде. Мектеп ұстаздары жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуына қолдан келген көмектерін беруде.

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 340 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 18.08.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Балдәурен» сауықтыру алаңы

«Балдәурен» сауықтыру алаңымен таныстыру. 18 күнде өткізілетін іс-шаралар жөнінде тоқталып, келген бүлдіршіндерді 4 топқа бөлінді. Бірінші күні «Бала еңбек қанауға 12 күн» акциясымен таныстырылды. «Қауіпсіз жаз -2018ж» Жанедилова Ж.К. баяндама оқып, оқушыларға сұрақтар қою арқылы ойын түрінде өткізді. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым –қатынас жасауға қақысы бар. Жазғы сауықтыру алаңына келген балалармен «Қауіпсіз жаз- 2018» және «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты тақырыптарында жиын өтті. Бала құқықтары туралы сұрақтар қойылды. Балалар өз ойларын еркін айтты.

                            

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 348 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.06.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

« 1 2 3 4 5 6 7 ... 12 13 »
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz