Сб, 18.05.2024, 17:27
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » Мектептегі іс шаралар

«Үздіктер слеті»

       Мектебімізде 19 мамыр күні «Үздіктер слеті» болып өтті. Слетіміздің мақсаты: оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оқуға деген ынтасын арттыру, мектептің жанашыр ата-аналарына  құрмет көрсету.

           Жыл бойы үздік білімімен және үлгілі тәртібімен көзге түсіп, мектебіміздің мақтаныштары атанған 71 оқушымыз бар. Бұл оқушыларға жаңа оқу жылының басында ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің арнайы мақтау қағазы тапсырылды.

         Үздіктер слетінде әнұран шырқалды. Бұл слеттің ерекшелігі алғаш мектеп гимнінің тұсауы кесілуі. Сөзін жазған: I санатты орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Мұхтарова Мария Тлеулиевна, әнін жазған I санатты музыка пәні мұғалімі Сейтбеков Алтынбек Болатбекұлы.

          «Жыл үздігі - 2018» номинациясына  11сынып оқушылары «Алтын белгі» үміткері Мұқаш Ұлболсын және де ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер, оқу озаты Құлыбек Қазыбек иеленді.

         Қалалық ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері: Абдыбек Мадияр 9 Ә сынып 3 орын, Мырзакарина Назерке 8 А сынып 2 орын, Мәлік Гүлнұр 9 Б сынып 3 орын, Ахмедияров Рахат 8 Б сынып 2 орын, Тоқтас Ботагөз 9 А сынып 3 орын, Каримова Динара 10 Ә сынып 3 орын, Рахымберлі Аружан 8 Ә сынып 2 орын, Нұрболатұлы Мағжан 9 А сынып 1 орын, Абдуманап Кымбат 9 Ә сынып 3 орын, Жылқайдарова Аружан 9 А сынып 1 орын, Жакубаев Азат 8 А сынып алғыс хатпен марапатталды.

Көп оқитын, терең оқитын, үлкенге ізетті, кішіге қамқор, мектебімізді өркендететін , тілімізді көркемдететін белсенді оқушыларымыздың АЛАР АСУЛАРЫ, ШЫҒАР БЕЛЕСТЕРІ ШЕКСІЗ БОЛСЫН!!!

      

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 473 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 21.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?! – демекші, қазақ халқы қыз баланы ертеден сыйлап, қызды гүлге теңеп, «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге оларға тәрбие беретін ортаның да айтарлықтай әсерінің бар екені рас. 10 мамыр күні мектебімізде Г. Балтина мен Ж.Амантаеваның ұйымдастыруымен «Ақылды қыз, білімге жүгінер» атты 8-10 сынып қыздар арасында сайыс өтті. Мақсаты: Қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Сайыс қонақтары : Аналар кеңесінің төрайымы – М.С.Мадиева, «Достық» үйінің директоры – Г.Р.Гатиятова, Аналар кеңесі және ақ әжелер кеңесінің мүшесі – Б.Ә.Әбеева. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.  Сайыстың әр кезеңінде қыздар тапқырлық танып, ұтымды жауап айтып, сайысты қызықты өтуіне ат салысты. Сайыс соңында кеш қонақтары қыздар қауымымен сырласа отырып, оқушылардың  сұрақтарына жауап берді.

     



 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 427 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 17.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы


 

Мектебімізде 15 мамыр - Халықаралық Отбасы күніне орай "Білімді ұлт-білім берудің жəне отбасылық құндылықтардың сапасы" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа ата-аналар мен мұғалімдер,Сәтбаев қаласының Білім бөлімінің әдіскері К.Ж.Джарасова және мектеп әкімщілігі қатысты.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту. Күн тәртібінде:

1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асрыу- тәрбие негізі.

2. 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау.

3. Оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы.

4. Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы  мен мектептің өзара байланысын нығайту.

5. Оқу процесін цифрландыру.

6. Әртүрлі мәселелер.

Осы аталған тақырыптар бойынша бейнероликтер көрсетіліп, ата-аналар жиналысқа белсене қатысты. Өздерін мазалап жүрген сауалдарына мардымды жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды.

     



 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 421 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 17.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Мектебіміздің 9 "а" - сыныбының оқушылары және тарих пәні мұғалімі Мауленова Гулзия Жолдасбековна қалалық кәсіподақ ұйымының тапсырмасы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері Жунусова Балымжан анамызды Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтап, анамыздың қуанышын бөлісіп қайтты.Балымжан анамыз мерекесімен құттықтаған кісілерге ақ батасын беріп қуанып қалды.

      

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 448 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 08.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Болашаққа бағдар» «Рухани жаңғыру»

Елбасының «Болашаққа бағдар» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген І – ші қалалық «Ханзадалар мен ханшайымдар әлемі» атты балаларға арналған байқау фестивалінің сараптамасы

Мақсаты:  Өнерлі жас жескіншек балалардың шығармашылығын кеңінен насихаттау,дарынды таланттарды анықтап, отанға деген махаббатын мәдениет және өнері арқылы дәріптеу.

Бұл байқау з кезеңнен тұрды.

  1. Таныстыру
  2. Өз өнері
  3. Сән үлгісі

 Осы фестивальге  1 «Ә» сынып оқушылары Мейрам Темірлан және Төлеубек Балжан қатысып «Жарасымды жұп» номинациясына ие болды.

Елбасының «Болашаққа бағдар» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген І – ші қалалық «Ханзадалар мен ханшайымдар әлемі» атты балаларға арналған байқау фестивалінің сараптамасы

Мақсаты:  Өнерлі жас жескіншек балалардың шығармашылығын кеңінен насихаттау,дарынды таланттарды анықтап, отанға деген махаббатын мәдениет және өнері арқылы дәріптеу.

Бұл байқау з кезеңнен тұрды.

  1. Таныстыру
  2. Өз өнері
  3. Сән үлгісі

 Осы фестивальге  1 «Ә» сынып оқушылары Мейрам Темірлан және Төлеубек Балжан қатысып «Жарасымды жұп» номинациясына ие болды.

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 402 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 31.03.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

 "Жаса, Наурыз, дәстүрлі!"

Мектепте дәстүрлі 22 наурыз халықтық мерекеге арналған іс-шаралар жоспар бойынша өтті. Осыған орай 14.03.-20.03 аралығында "Жаса, Наурыз, дәстүрлі!" атты 1 -6 сыныптар арасында қабырға газеттері шығарылды. Барлық 1-11 сыныптарда жалпы тақырыбы "Наурыз думан" тақырыбында сынып сағаттары болып өтті. Бұл іс-шарада қазақтың ұлттық бұйымдарынан, ұлттық тағамдарынан, наурыз көжеден жарыс ұйымдастырылды.

   

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 406 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 28.03.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Аяулы ұстаздар мен қызғалдақ қыздар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!  Осыған орай 3 «Ә» сыныбының ұйымдастыруымен «Ардақтайық ананы» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында әндер орындалып, билер биленді. Сыныптағы 11 қыз бала мерекеге арнап сән үлгісін көрсетті. Өз тілектерін білдіріп, аналарына сый-сыяпат жасады.Өздеріне осындай қуаныш сыйлаған балаларына дән риза болған аналар да 3 «Ә» сынып жетекшісі Алтын Ақсейтқызына алғыстарын білдірді.

        

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 388 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 10.03.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

"Әжелер мен немерелер сайысы"

Мақсаты:

       Бүлдіршіндерді ізгілікке,үлкенді сыйлап тыңдай білуге,құрметтеуге, халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға, ой-өрісін дамыту, өнерге баули отырып инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Аналарға сүйеміз, сөзін ойға түйеміз,

Әжені де ардақтап, әдеппен бас иеміз.

Бала мен немере туралы ақын  М. Әлімбаев былай деген екен:

Бала деген бал екен.

Бал дегенің бала екен.

Немеренің бойында

Бар жақсылық бар екен.

 

Туған балаң жай ғана.

Демесең де жат бөтен.

Нағыз бала ойласаң,

«Немере» екен тәтті екен.

        

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 517 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 10.03.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

1 наурыз күні «Абай атындағы №4 мектеп - лицейінде» қалалық VIII Әкелер слеті өтті.

Анамыз – ардағымыз, әкеміз – асқар тауымыз. Әсіресе, тәлімді тәрбиенің  тамыршысы – әкелердің ұрпақ  тәрбиесіндегі рөлі орасан зор. Әкелердің қайсарлығы мен еңбекқорлығын кейінгі жастарға насихаттап, жеткізу мақсатында қаламызда білім бөлімінің бастамасымен 1 наурыз күні «Абай атындағы №4 мектеп - лицейінде» қалалық VIII Әкелер слеті өтті.

Отбасылық құндылықтардың беделі мен отбасындағы тәрбиенің әлеуетін арттыру мақсатында өткен слетке Сәтбаев қаласының білім бөлімінің басшысы Б.Б.Акишбеков, Сәтбаева қаласының әкімінің орынбасары А.К.Төлендина, Сәтбаев қаласының әкім аппараты әлеуеттік сала бөлімінің басшысы Г.Ө.Тансыкбаева, қалалық Әкелер кеңесінің төрағасы  Б.Ө.Бралин қатысты. 

Қалалық VIII Әкелер слетіне мектебімізден Сактапбергенов Ерлан Жансаматович, Ибраев Каныш Ибадилдаевич, Бейсов Габит Амирбекович қатысты. Қалалық VIII Әкелер слетіне қатысқан әкелер мектеп өміріне белсене қатысып, бала тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

Қалалық VIII Әкелер слеті 5 кезеңнен тұрды, 1 кезең «Ас болсын», 2 кезең «Интеллектуалды ойын», 3 кезең «Шеберлер классы», 4 кезеңде құстарға ұя жасса, 5 кезең де спорттық сайыстарға қатысты. Әр кезеңдегі сайыстарға әкелер белсене қатысып, өздерін жан-жақты екендігін көрсете білді.

Қазақта «әке көрген оқ жонар» деген аталы сөз бар. Кейінгі жастар әкенің ізін жалғап, өнегесін өрістетіп, берген тәлімін өмірлік азық етсе, әкелер арманының орындалғаны.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 463 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.03.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Қар ханшайымы-2018»

21 ақпан күні  мектебімізде 1-2 сынып оқушылары арасында «Қар ханшайымы-2018» байқауы өтті. Кішкентай аруларымыздың бойындағы өнерлерін паш етіп, сұлулық пен әдемілікке баулу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 5 оқушы қатысты. Олар байқаудың таныстыру, сән үлгісін көрсету және өнерлерін ортаға салу сынды кезеңдерінде өздерін жан-жақты көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына кенелді. Үш кезеңде оқ бойы озық шыққан үш қатысушы жүлделі орындарға ие болса, қалған арулар «Өнерлі ару», «Сымбатты ару» номинациясына ие болды. 

     

     

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 412 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 22.02.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

« 1 2 ... 4 5 6 7 8 ... 12 13 »
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz